Деректерді беру туралы

Үшінші тараптарға берілетін деректер

Пәрмендерді Android операциялық жүйесі басқаратын құрылғыларға push хабарландырулар механизмі арқылы уақтылы жеткізу мақсатында ұялы құрылғыларды Бағдарламалық жасақтамамен басқару үшін функционалдылықты қолдану кезінде Google Firebase Cloud Messaging сервисі қолданылады. Пайдаланушы Google Firebase Cloud Messaging қызметін пайдалануды конфигурациялаған болса, Пайдаланушы келесі ақпаратты Google Firebase Cloud Messaging қызметіне автоматты режимде ұсынуға келіседі: push хабарландырулары жіберілуі керек Kaspersky Endpoint Security for Android бағдарламаларын орнату идентификаторлары.

Google Firebase Cloud Messaging қызметімен ақпарат алмасуды бұғаттау үшін, Пайдаланушы Google Firebase Cloud Messaging қызметін пайдалану конфигурацияларын бастапқы мәнге келтіруі керек.

Пәрмендерді iOS операциялық жүйесі басқаратын құрылғыларға push хабарландырулар механизмі арқылы уақтылы жеткізу мақсатында ұялы құрылғыларды Бағдарламалық жасақтамамен басқару үшін функционалдылықты қолдану кезінде Apple Push Notification Service (APNs) сервисі қолданылады. Егер Пайдаланушы iOS MDM серверіне APNs сертификатын орнатқан болса, iOS ұялы құрылғыларын Бағдарламалық жасақтамаға қосу параметрлерінің жиынтығымен iOS MDM профилін қалыптастырса және осы iOS MDM профилін ұялы құрылғыларға орнатса, Пайдаланушы автоматты режимде APNs сервисіне келесі ақпаратты ұсынуға келіседі:

Жергілікті түрде өңделетін деректер

Kaspersky Security Center бағдарламасы ұйымның желісін қорғау жүйесін басқару және қызмет көрсету жөніндегі негізгі тапсырмаларды орталықтандырылған шешуге арналған. Kaspersky Security Center әкімшіге ұйым желісінің қауіпсіздік деңгейі туралы егжей-тегжейлі ақпаратқа қатынасуға мүмкіндік береді және "Лаборатория Касперского" бағдарламалары негізінде құрылған қорғаныстың барлық құрамдастарын конфигурациялауға мүмкіндік береді. Kaspersky Security Center келесі негізгі функцияларды орындайды:

Өзінің негізгі функцияларын орындау үшін Kaspersky Security Center бағдарламасы келесі ақпаратты қабылдай алады, сақтай алады және өңдей алады:

Жоғарыда атап көрсетілген деректер Kaspersky Security Center бағдарламасына келесі тәсілдермен кіруі мүмкін:

Атап көрсетілген деректер Басқару сервері дерекқорында сақталады. Пайдаланушы аттары және құпиясөздер шифрланған түрде сақталады.

Жоғарыда аталған барлық деректерді "Лаборатория Касперского" бағдарламасына тек Kaspersky Security Center құрамдастарының қоқыс файлдары, трассалау файлдары немесе журнал файлдары, соның ішінде инсталляторлар мен утилиталар жасайтын журналдар файлдары арқылы беруге болады.

Kaspersky Security Center құрамдастарының қоқыс файлдары, трассалау файлдары және журнал файлдары Басқару серверінің, Желілік агенттің, Басқару консолінің, iOS MDM серверінің, Exchange ActiveSync ұялы құрылғылар серверінің, Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінің кездейсоқ деректерін қамтиды. Бұл файлдарда дербес және құпия деректер болуы мүмкін. Қоқыс файлдары, трассалау файлдары және журнал файлдары құрылғыда ашық түрде сақталады. Қоқыс файлдары, трассалау файлдары және журнал файлдары "Лаборатория Касперского" бағдарламасына автоматты түрде берілмейді, алайда, әкімші осы деректерді "Лаборатория Касперского" бағдарламасына Техникалық қолдау қызметінің сұрауы бойынша Kaspersky Security Center жұмысындағы мәселелерді шешу үшін қолмен жібере алады.

Сілтемелер арқылы Басқару консоліне немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне өту арқылы, Пайдаланушы келесі деректерді автоматты түрде жіберуге келіседі:

Әрбір сілтеме бойынша ұсынылатын деректер тізімі сілтеменің мақсаты мен орналасқан жеріне байланысты.

"Лаборатория Касперского" алынған деректерді жасырын түрде және тек жалпы статистика мақсатында пайдаланады. Жиынтық статистика алынған бастапқы ақпараттан автоматты түрде қалыптастырылады және қандай да бір дербес немесе өзге де құпия деректерді қамтымайды. Жаңа деректер жинақталған кезде алдыңғы деректер жойылады (жылына бір рет). Жиынтық статистика шектелмеген уақыт бойы сақталады.

"Лаборатория Касперского" барлық алынған деректерді заңнамаға және "Лаборатория Касперского" қолданыстағы ережелеріне сәйкес қорғауды қамтамасыз етеді. Деректер қауіпсіз байланыс арналары бойынша беріледі.

Басына оралу